Қала мен қала аумағында заңсыз төгілген 108 қоқыс алаңы анықталды. Қазірге дейін оның 39-ы тазартылған. Экологтар мен полицейлер бірлесіп, рейдтік шараларды жалғастырып жатыр. Бүгін де экологтар Сазды елді мекенінің аумағында орналасқан ескі құм карьеріне келді. Бұл жердегі қоқыс былтыр ғана тазартылған. Алайда жақын маңда үй құрылысын жүргізіп жатқан тұрғындар қайта толтырып тастаған. Департамент жергілікті атқарушы органдарға тазалық жұмыстарын жүргізу туралы тапсырма берді. Ал облыстық экология департаментінің мамандары болса «Таза Қазақстан» акциясы аясында анықтау жұмысын жалғастыра бермек. Соған сіз бен біз де үлес қоса аламыз.