Облыста жеті теміржол вокзалы жөнделіп жатыр. Олар Ақтөбе, Қандыағаш, Шалқар, Алға, Жем қалаларында және Қарауылкелді мен Шұбарқұдық ауылдарында. Жобаға сәйкес кешенді жаңарту қарастырылған. Қасбеті жаңартылып, ішкі орын-жайлар мен инженерлік желілер жаңғыртылады, заманауи хабарландыру және ақпараттандыру жүйелері орнатылады. Өрт қауіпсіздігін күшейтуге мән береді. Бүгінгі таңда ең қарқынды құрылыс жұмыстары Ақтөбе мен Шұбарқұдық вокзалдарында жүріп жатыр. Жұмыс шамамен 55 пайызға орындалған. Облыс әкімі құрылыстарға бақылауды күшейту, жұмыстарды жеделдету және қажет болған жағдайда қосымша жұмыс күшін тартуды тапсырды.