Былтыр сәуірде еліміз бойынша "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы басталған болатын. Апта сайын мемлекеттік қызметшілер, жастар, жалпы тұрғындар өздерінің аулаларын, саябақтарын жинап, акцияға үлес қосты.
Экологиялық шара әлі де жалғасып келеді. Қала жастары қаламыздағы мәдени нысандардың бірі "Алақай" театры жанында орналасқан саябақты тазартты.