Бішкекте өткен түркітілдес елдердің студенттері арасындағы үшінші универсиадада Гүлнұр Баханова чемпион атанды. Ол ел намысын биік мінберлерде асқақтатып жүр. Аталмыш жарыста Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан дзюдошыларымен белдесіп, мықтылығын тағы бір дәлелдеді. 


Бүгін өзі оқитын оқу орнында Гүлнұр Баханованың құрметіне мерекелік салтанатты кеш өтті. Құрбы-құрдастары мен оқытушылары жас чемпионның жетістіктерін мақтан етіп, құрмет көрсетті.