Негізгі Жаңалықтар ОБЛЫС ӘКІМІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚҚА БАРДЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚҚА БАРДЫ


Облыс әкімі «Қамқорлық» орталығына барды. Былтыр ашылған емдеу орнына «Қазақстан халқына» қоры демеушілік етті. Өңір басшысы мұнда ата-аналармен сөйлесіп, балалар мен жасөспірімдердің орталыққа келгенге дейінгі және кейінгі жағдайын білді.

Олардың сөзінше, өзгеріс байқалады. Әсіресе балалардың сөйлеу, өздігінен әрекет ету және басқа адамдармен қарым-қатынас жасау дағдылары айтарлықтай жақсарған. Кейбір ата-аналар балаларының мектепке бейімдегенін атап өтті.

Асхат Шахаров орталық қызметкерлерінің еңбегіне жоғары баға беріп, бұл бағыттағы жұмысты одан әрі жандандыру қажет екенін айтты.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар