Бүгін жергілікті әскери басқару органдарының күні. Ақтөбе облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті базасында мерекелік шара өтті. Жиынға Қарулы күштердің ардагерлері, офицерлік құрам өкілдері мен жергілікті әскери органдардың қызметкерлері қатысып, үздік әскери қызметшілерге грамоталар мен алғыс хаттар табыс етілді.