Қыркүйек айының екінші жексенбісі - Отбасы күні. Бүгін қалада апталық ұйымдастырылды. Аймақтағы үлгілі әрі жас жанұялардың қатысуымен "Берекелі отбасы" спорттық марафоны өткізілді. Жарыс отбасылық құндылықтарды дәріптеп, бірлігін нығайтып, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттайды. Сайыста қаладан және аудандардан арнайы келген қатысушылар бақ сынады.