"Идеядан нәтижеге". Бүгін облыстық өнер музейінде осындай атаумен кітап көрмесі өтті. Шараға мұрындық болған - Сағи Жиенбаев атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасы. Келушілерге бизнес, тұлғалық даму, стартаптар жайлы кітаптар ұсынылды. Сонымен қатар, өңірде жүзеге асып жатқан кәсіптік жобалар таныстырылды.