Танымал жаттықтырушы Йорик Майклстың бірнеше күнге жоспарланған шеберлік сағаты өтіп жатыр. Алғашқы күні ол жаттықтырушылармен кездесіп, өз ақыл-кеңесін берді. Ал бүгін баскетболға құмартқан жеткіншектермен техникалық жаттығу жасап, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгертті.