Президент Жолдауының негізгі арқауы – экономиканы цифрландыру, жасанды интеллектті енгізу және жаңа технологиялар арқылы халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту. Тіпті цифрландыру ұлттық идея деңгейіне көтерілді десек артық емес.

Мемлекет басшысы Қазақстанды үш жыл ішінде жаппай цифрлық елге айналдыру міндетін қойды. Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты ақтөбеліктердің пікірін білдік.