Отан отбасынан басталады десек, барлық тәрбие де, ұлттық құндылық та осында дәріптеледі. Атаулы күнге орай өңірдегі Аналар кеңесі «Отбасы – бақыт мекені» атты жиын ұйымдастырды. Онда отбасы институтының маңызын арттыру, ұлттық салт-дәстүр мен рухани құндылықтарды сақтау, оларды өскелең ұрпақ тәрбиесінде тиімді пайдалану жолдары мен ұсыныстар талқыланды.