Өңірге әлемге әйгілі жаттықтырушы Йорик Майклс келді. Ол NBA және WNBA жұлдыздарымен жұмыс істейді. Бүгін ол ақтөбелік жаттықтырушылармен кездесіп, өз ақыл-кеңесін берді.
Мақсат - баскетболшылардың шеберлігін жетілдіру, арнайы техникалық жаттығу жасап, жаңа әдіс-тәсілдерді үйрену. Сонымен бірге бірлескен жаттығу өткізу де жоспарланды. Айтып өтейік, Йорик Майклспен бірлескен ойын жаттығуы үш күнге созылады.