Депрессия белгілері қандай және қай кезде көмек сұрау керек? Мектеп оқушыларының ата-аналарына осы сұрақтардың жауабы берілді. "Жан ахуал" психологиялық орталығының ұйымдастыруымен өткен кездесуде мамандар балалар мен жасөсіпірімдердің мінез-құлқындағы өзгерістерді талдап, отбасындағы қарым-қатынас туралы ой бөлісті.