Коалиция мүшелері тек ғимараттарда емес, көпшілік жиналатын орындарда да Ата заң жобасын түсіндіріп жүр. Мәселен, бүгін қаладағы сауда орындарының бірінде тұрғындарға Конституциядағы толықтырулар мен өзгертулер айтылды. Тұрғындар сауда жасап жатып-ақ қажетті мәліметтерді ала алды, ойландырған сұрақтарын қойды. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасады.