Облыс әкімі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі Кеңестің көшпелі отырысы өтті. Жиын дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні қарсаңында ұйымдастырылды. Әлеуметтік мәселелерді шешуде және азаматтық бастамаларды жандандыруда мемлекеттің ең сенімді тірегі саналатын тәуелсіз ұйымдар есеп беріп, жылдық жоспарымен бөлісті.