Отбасы. Қоғам. Жауапкершілік. Осындай атамен қандыағаш қаласында ауқымды форум өтті. Келелі жиын Сыр өңірінде өткен Ұлттық құрылтай отырысындағы Президент көтерген мәселелер аясында өрбіді. Әсіресе, ұйымдастырушылар дәстүрлі құндылықтарды қорғау, деструктивті әрі адамгершілікке жат мінез-құлық үлгілерін насихаттауға қарсы тұруға, әйел құқығына қатысты тақырыптарды айрықша қаузады. Ал тәртіп сақшылары сталкинг, буллинг, тұрмыстық және цифрлық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қыздар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түріне нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастыру тәжірибелерімен бөлісіп, түсіндірме жұмысын жүргізді.