Жаңа Конституция жобасын халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстары тұрақты жүріп жатыр. Бүгін өңірлік коалиция мүшелері қаладағы базарлардың біріне барып, әкімшілік қызметкерлеріне ата Заңның негізгі қағидаларын түсіндірді. Баяндамашылар азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау жаңа құжатта нақты көрсетілгенін атап өтті.