Ақтөбелік жас садақшылар кезекті жарыстан жеңіспен оралды. Атырау қаласында өткен батыс аймақтық ашық турнирде жерлестеріміз 11 жүлдені қоржынға салды. 10 және 15 метр қашықтықта нысана көздеген жасөспірімдер мергендіктің жоғары деңгейін көрсетіп, командалық есепте де қарсыластарынан оқ бойы озық шықты.