Қалада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Шараға Қобда, Ойыл және Байғанин аудандарынан келген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен қатар қала кәсіпкерлері де қатысып, өз өнімдерін ұсынды.
Сауда сөрелеріне барлығы 4,7 тонна ет өнімі мен 0,8 тонна сүт өнімі шығарылды. Жәрмеңке барысында тауарлар нарықтық бағадан 15–20 пайызға арзан сатылып, қала тұрғындары мен қонақтарына сапалы әрі табиғи өнімдерді тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік берілді. Аталған бағыттағы шаралар ақпан айының соңына дейін әр сенбі сайын тұрақты түрде өткізіліп отырады. Бұл ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне өнімдерін тұтынушыларға тікелей жеткізуге жағдай жасайды.