Өңірде биылғы көктемде 865 мың гектар алқапқа егін егу жоспарлануда.
Оның ішінде 506 мың гектарға дәнді дақылдар, 75 мың гектарға майлы дақылдар, 277 мың гектарға мал азығы дақылдары себіледі. Қалғанына картоп пен көкөніс егу көзделген. Көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселесі облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қаралды.