Облыс әкімі Асхат Шахаров және облыс прокуроры Марат Әбішевтің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын болдырмау мәселелері бойынша көшпелі алқа отырысы өтті. Онда су басу қаупі бар аумақтарда атқарылып жатқан алдын алу жұмыстарының барысы, азаматтық қорғау күштері мен құралдарының дайындығы, сондай-ақ ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қою тетіктері жан-жақты талқыланды.