Облыс орталығында жұмыссыздардың саны 7 мыңнан асты. Екі қолға бір күрек іздеген жандар үшін бүгін "Мансап" орталығы бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды. "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында өткен шара түзету мекемесінде жазасын өтеп шыққан азаматтарды еңбекпен қамтуға бағытталды.