Өңірлік коалиция мүшелері және бір құрылыс компаниясының ұжымымен кездесіп, жиын өткізді. Қатысушыларға жаңа Конституцияның жобасы мен құжаттағы өзгерістердің негізгі бағыттары туралы ақпарат берілді. Жиын барысында құрылысшылар сұрақтарын қойып, өзгерістерге қатысты пікір білдірді. Сауалдардың көбі денсаулық сақтау, білім беру салаларына қатысты жолданды. Жаңа Ата заң жобасын түсіндіріп, кеңінен ақпараттандыру бағытында қолға алынған кездесулер әлі де жалғасады.