Ақтөбеде Coca-Cola Içecek жаңа зауытының құрылысын сәуір айында бастау жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Асхат Шахаровтың "Coca-Cola Içecek Kazakhstan" компаниясының бас директоры Вели Динчельді қабылдауында айтылды. Зауыт құрылысына салынатын инвестицияның жалпы көлемі 41,9 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 280 млн литр алкогольсіз сусын өндіруге жетеді. Жоба аясында 150 жұмыс орны құрылады. Бұл өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға және халықты жұмыспен қамтуға елеулі үлес болмақ. Қазіргі таңда кәсіпорын құрылысы үшін 41-разъезд ауданынан 25 гектар жер телімі бөлініп, жобалау және дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ал нысанды пайдалануға беру 2027 жылға жоспарланған.