«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясы мүшелері «Стройдеталь» серіктегінің ұжымымен кездесіп, алдағы референдум туралы жан-жақты ақпарат берді. Жиын барысында коалиция өкілдері референдумның мақсаты мен маңызын түсіндіріп, жаңа конституциялық өзгерістер мен олардың қоғамға, жалпы елдің дамуына тигізетін ықпалын талқылады. Саяси науқанның ашық әрі әділ өтуі үшін қандай қадамдар жасалып жатқанын баяндады. Кездесудің соңында қатысушылар алдағы дауыс беруге дайындық жұмыстарын және қоғамдық пікірді тыңдаудың маңыздылығын атап өтті.