Жылқы жануары алғаш рет Қазақ даласында қолға үйретілген. Бабаларымыздың ерте дәуірде асауды ауыздықтап, тұлпар тізгіндегенінің айғағы - Солтүстік Қазақстан өңіріндегі Ботай мәдениетінің ескерткіштері. Ақтөбеліктер Ботай кезеңімен облыстық музейге барып таныса алады. Онда Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданында орналасқан "Ботай" музей қорығының көшпелі көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Бүгін басталған көрме 15 наурызға дейін жалғасады. Жәдігерлерді көрем деушілерге 9:00 мен 18:00 аралығында музей есігі ашық.