Балаңыздың ата-аналар жиналысына кім барады? Анасы ма, әкесі ме? Мектеп мұғалімдерінің айтуынша көбіне оқушылардың сабақ үлгерімі мен тәрбиесіне аналар алаңдаушылық білдіреді. Дегенмен, мамандар баланың қалыптасуында әкенің рөлі айрықша екенін айтады. Сондықтан білім беру мекемелері әкелерді мектептің іс-шараларына тартуды қолға алды. Мәселен, бүгін қала мектептерінің бірінде "Әкелер форумы" өтті.