СЕНАТ ДЕПУТАТЫ ТЕМІР МЕН МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
Жалпыұлттық коалиция мүшесі, Парламент Сенатының депутаты Бауыржан Қаниев аймаққа іс-сапары барысында Темір және Мұғалжар аудандарына барып, актив отырысына қатысты. Ауыл тұрғындарымен және бірқатар еңбек ұжымымен кездесті. Онда Конституция жобасының негізгі бағыттары жан-жақты талқыланып, алда өтетін республикалық референдумның маңыздылығы түсіндірілді. Қатысушыларды саяси науқанға белсенді атсалысуға шақыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, қолданыстағы Ата заң мен жаңа жоба арасындағы негізгі айырмашылықтар сараланып, оның ел дамуы үшін маңызы кеңінен баяндалды. Конституция жобасының әзірлену тәртібі мен дауыс беру рәсімі бойынша нақты түсіндірмелер берілді.