"Үлкенге құрмет - кішіге міндет". Ақтөбелік еріктілер осындай ұстанымда. Сондықтан бүгін олар қаладағы жалғызбасты қарияның ауласын қардан тазартып, үй жұмыстарына жәрдемдесті. Бұл "Ардагерлерді ардақтайық" акциясы аясындағы шара. Көмекті кімнен аларын білмей жүрген кейуана жастарға алғысын жаудырды.