Оқушылар "Заң мен тәртіп" идеологиясының мақсатын сурет арқылы жеткізді. Қалалық Көркемсурет лицейінде "Менің өлкем - бұл құқықтық тәртіп алаңы" атты сурет және плакат байқауы өтіп, бүгін қорытындыланды. Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қоғамдық тәртіпті қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылған шарада 30 жоба қаралып, үздіктері марапатталды. Жарысқа 11-16 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысты.