Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай республика көлемінде «30 жыл – 30 игі іс» атты ауқымды акция басталды.
Мақсат – мерейтойды тек мерекелік іс-шаралармен ғана емес, қоғамға шынайы пайда әкелетін игі жұмыстармен есте қалдыру. Мәселен, бүгін Есет батыр тұрғын алабында орналасқан №25 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі ерекше баланың арманын орындады.