{Еліміз жаңа цифрлық дәуірге қадам баспақ. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында елдің даму бағытын айқындап, біршама салаға басымдық беру керек екенін ашып айтты. 


Президент мәлімдегендей, Қазақстан алдағы үш жылда түбегейлі цифрлық елге айналмақ. Сондай-ақ агросаланы дамыту, инвестиция тарту, ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыру, су ресурстарын үнемдеу, жолдағы қауіпсіздік сынды мәселелер ерекше назарға алынды.  


Жүктелген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына қоғамның кез келген азаматы үлес қоса алады. Ақтөбелік тұрғындардың басым бөлігі экономикалық, әрі әлеуметтік салаларға көңіл бөлінгенін құптайды.