Бүгін телеарнамызда аймағымызға белгілі журналист Амангелді Мектепбаевты мерейлі 75 жас, ардагер режиссер Гүлсім Омарқызының 65 жасқа толуына орай кездесу кеші өтті. Мәні мен маңызы зор шараға аймаққа танымал азаматтар мен ел ағалары қатысып, бетке ұстар тұлғалардың еңбек жолында атқарған игі ісін жас буынға дәріптеді.