Сондай-ақ Президент барлық салада жасанды интеллектті енгізуді тапсырды.
Бұл жаңашылдық білім саласын да қамтуы тиіс. Әбіш Кекілбайұлы атындағы №72 жалпы білім беретін орта ІТ мектеп-лицейі оқыту барысында жасанды интеллект технологиясын қолдана бастаған.
Тың технология ұстаздарға көмекші құрал болса, оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып отыр. Білім ордасындағы сабақ қалай өтеді?