Биыл Ырғыздың іргетасының қаланғанына - 180 жыл. Осынау мерейтойға орай қазақы тірліктің қаймағы бұзылмаған, ғасырлар қойнауындағы талай тарихи өзгерістердің куәсі болған мекенде ауқымды мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырылды. Еліміздің бірқатар аймағынан арнайы шақырылған ардақты азаматтар мен ғалымдар, зерттеушілер мен тарихшылар, өлкетанушылар, туған жердің төл перзенттері бір арнада бас қосты.