73 тоннадан астам ет, 39 тонна картоп пен көкөніс, 9 тоннаға жуық сүт өнімдері. Сондай ақ 24 мың дана жұмыртқа, 3 жарым тонна балық, 7 тоннадан астам шұжық өнімдері. 


Астанада Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп, барлығы 200 тоннадан астам өнім жеткізілді. Екі күнге созылған жәрмеңкеге облыстың 12 ауданы мен қаладан 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеуші кәсіпорын қатысқан. 


Келушілерге концерттік бағдарлама да ұсынылды.