Ырғыз ауданында «Аймақты әнмен тербетіп» өнер мерекесі биыл жиырма алтыншы мәрте өтті. Үмітін үкілеген талантты жастардың басын қосқан дәстүрлі байқау бұл жолы ауданның 180 жылдығына арналды.
2 күнге созылған мәдени шарада халқымыздың саз өнері туындылары кеңінен насихатталды.