Әйтеке би ауданы аумағындағы Қайрақты өзенінде 108 киіктің өлексесі табылды. Хабарламадан соң бірден барған мамандар судан 60 бас аталық, 48 бас аналықты алып, залалсыздандырды. 


Кейін дәл осы аумақта жер қазу, көму жұмыстары атқарылған. Экологтар мен ветеринарлар судан және патологиялық материалдан сынама алды. Содан кейін ғана нақты себебі анықталады. Әзірге болжам ғана жасалды