Биылғы оқу жылынан бастап білім ошақтарында «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы іске қосылды. Енді жеке меншік мектептерінің тәрбие жұмысы да мемлекеттік оқу орындарымен бірдей болмақ.
Бағдарлама үйлестірушісі – Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы. Тәрбие жүйесі жалпыұлттық құндылықтарға негізделіп, мектеп, ата-ана және қоғам арасындағы әріптестікті күшейтуді көздейді. Барлық мектеп үшін бірыңғай стандартты визуал әзірленеді.
Тәрбие жұмыстары тақырыпқа сай, құзырлы органдармен бірігіп өткізіледі.