Аймақта тұтынушылардың құқығы жиі бұзыла бастаған. Мәселен биыл 7 ай ішінде облыс бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне мыңға жуық шағым келіп түскен. Нәтижесінде арыздың 73% пайызы тұтынушылардың пайдасына шешіліп, 60 млн теңгеден астам қаржы қайтарылған. Сонымен бірге мамандар шағым түсіру жолдарын да жиі түсіндіреді.