Өңірде Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар легі жалғасып жатыр. Бүгін 16 жасқа толған азаматтар жеке куәлігін алды. Құқықтық және азаматтық үдерістерге қатысуға мүмкіндік беретін маңызды құжат ресми табысталды.