Жаз бойы "Жасыл ел" еңбек жасақтары облыс аумағын тазалады. Өзен-көл жағалауларын, саябақтарды, скверлерді және қала көшелерін қоқыстан арылтты. Шаһарымыздың шырайын кіргізген жастар бүгін жазғы еңбек маусымының ақтық жиындарының бірін ұйымдастырды. Олар "Ақтөбе" су қоймасы маңында экоплогинг өткізді.