Өндірісті өңірдегі кәсіптік білім берудің күретамырына айналған - Хромтау тау-кен техникалық колледжі. Оқу орны сұранысқа сай кадр даярлап, жұмысшы мамандардың қатарын жыл сайын толықтырып келеді. Түлектердің 95 пайызы жұмыспен қамтылған оқу ордасының бүгінгі тынысымен арнамыздың түсірілім тобы танысып қайтты.