Ақтөбе өз алаңында талдықорғандық "Жетісу" командасын жеңді. Қазақстан Премьер-лигасының 22-туры аясында өткен кездесу 3:2 есебімен аяқталды. Өңірлік ақ-қызылдар матч басында айқын басымдық танытты. Артем Шушеначев 36-шы және 51-ші минутта қарсылас қақпасына 2 гол салды. "Жетісу" ойыншылары да барын салып, есепті теңестіруге тырысты. Олар да 2 голды дәлдеп соқты. Дегенмен, шаршы алаңдағы 90-минутта соғылған 3-ші гол жерлес команда ойыншыларына жеңіс әкелді. Осылайша "Ақтөбе" чемпионат аясында маңызды үш ұпай еншілеп, турнирлік кестеде 4-орынға көтерілді. Ал «Жетісу» 20 ұпаймен 10-орынға табан тіреді.