Америкалық репэрдің назары қазақ баласына ауды. Ақтөбелік Махамбет Ермеков ұлының қаздан қорқып, қашып бара жатқан сәтін желіге жүктеген. Бейнежазба бір мезетте көп қаралым жинап, шетелдік репэр оны өзінің парақшасына салған.

Жай ғана салып қоймай, бейнежазбаның түпнұсқасын 100 долларға сатып алмақ болды. Қазнетті шулатқан «кішкентай жұлдызбен» әріптесім танысып келді.