2 наурыздан бастап елімізде "Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы" заң күшінде енді. Бұл заң жолдағы жөнсіздікті, аулалардағы ұрлықты азайтуға септігін тигізбек. Себебі меншік иелері бірлестіктерінің төрағалары полциейлермен етене жұмыс істейді. Бүгін төрағалар полицейлермен кездесіп, жедел бақылау орталығының жұмысын көзбен көрді.