Аймақта Наурызнама онкүндігі аясында өткен «Тазару күніне» орай шаһар жастары «Қазақ халқына мың алғыс» стеласы аумағында тазалық жұмыстарын қолға алды. Ашық аспан астында өткен шараны облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Ондағы басты мақсат – қоршаған ортаны қорғау, қоғамдық орындарды таза ұстау мәдениетін қалыптастыру және жастардың экологиялық жауапкершілігін арттыру. Қатысушылар ортақ іске белсенді үлес қосты.