Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде тәртіп сақшыларының еңбегі ерен. Ел тыныштығын күзеткен ерлер әрдайым шымыр, кезкелген жағдайға сақадай сай. Спортты серік еткен құқық қорғау саласының қызметкерлері "Ұлттық спорт" күнінде боз кілемде белдесіп, күш сынасты.
"Полиция барысы" турнирінің биылғы облыстық кезеңінде қатысушылар 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.