IT Hub орталығында «Digital Nauryz» атты интеллектуалды- спорттық сайыс өтті. Облыстық цифрлық технологиялар басқармасы және Бастамашыл жастарды қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен шара қазақтың төл мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрлерін дәріптеуге, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Сайысқа қаладағы жоғары және орта-арнауы оқу орындарының студенттерінен құралған 8 команда қатысты. Олар алдымен спорттық эстафетада бақ сынап, квиз сұрақтарына жауап беру арқылы ой ұшқырлықтарын дәлелдеді