Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы былтырғы атқарылған жұмыстарға есеп берді. 2025 жылы құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы 1900 хабарлама тіркелді. Басқарма 362 мемлекеттік қызмет көрсетіп, 1159 өтініш бойынша 61 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде 50 нұсқама беріліп, 50 миллион теңгеден астам сомаға 119 әкімшілік хаттама толтырылды. Абаттандыру талаптарын бұзғаны үшін құрылыс субъектілері 1,9 миллион теңгеге жуық айыппұлға тартылды. Сондай-ақ 121 сот процесіне қатысып, заңбұзушылықтар бойынша 9 мердігердің қызметі тоқтатылып, 1 ұйым лицензиясынан айырылды.